Плагиндеріңізді тексеріңіз

Плагиндер браузеріңізде видео, анимация және ойындар жұмысын қамтамасыз ететін бағдарламалық қамтама. Олардың қалып-күйін бақылап отырыңыз және оларды жаңартып ұстаңыз.

Барлық ұсынылған жаңартуларды жасағаннан кейін Firefox-ты қайта іске қосуды ұмытпаңыз.

Плагиндер жөнінде жиі сұрақтар

Көмек керек пе? Mozilla қолдау көрсету сайтын шолыңыз.

Плагин дегеніміз не?

  • Плагиндер - браузеріңізде видео, анимация және ойындар жұмысын қамтамасыз ететін бағдарламалық қамтама.
  • Олар Adobe Systems және Apple сияқты компаниялармен жасалып, Firefox құрамына жатпайды.

Плагиндерді неге жаңартуым керек?

  • Ескірген плагиндер сіздің зиянкес бағдарламалар, вирустар және басқа да қауіпсіздік қатерлерінен зардап шегудің мүмкіндігін арттырады. Сонымен қатар, олар браузер жұмысын тежей алатын жағдайларды туғыза алады.
  • Жаңартылған плагиндер браузер жұмысын тегіс әрі қауіпсіз етеді.
  • Плагиндер әрқашан автоматты түрде жаңартыла бермейді, кейде сіз оны жасауыңыз керек.

Firefox маған қалай көмектесе алады?

Болашақта Firefox сіз үшін плагиндерді автоматты түрде жаңартатын болады. Оған дейін, сіз осы парақа үнемі кіріп, Firefox-ты қауіпсіз күйінде сақтау үшін плагиндеріңізді жаңартып отыруыңыз керек.

Firefox ішіне мен орнатқан плагиндерді қалай көре аламын?

Жоғарыдағы плагиндеріңіз автоанықталды. Firefox ішіне сіз орнатқан барлық плагиндерді қарау үшін, жұмыс үстелі үшін браузерде келесі қадамдарды жасаңыз:

  1. Мәзірді ашыңыз.
  2. Қосымшаларды таңдау.
  3. Плагиндер бетін шертіңіз.

Маған плагинды қалай өшіруге болады?

Жұмыс үстелі үшін Firefox ішінде:

  1. Мәзірді ашыңыз.
  2. Қосымшаларды таңдау.
  3. Плагиндер бетін шертіңіз.
  4. Сөндіргіңіз келетін плагиннің қасындағы ашылмалы мәзірге шертіңіз.
  5. Қолжетерлік таңдаулардан "Ешқашан белсендірмеу" таңдаңыз.

Назар аударыңыз: плагинді сөндіру нәтижесінде кейбір әрекеттерді орындай алмайтын боласыз. Мысалы, Flash сөндірсеңіз, кейбір ағындық видео сайттарынан видеоларды көре алмайтын боласыз.

Жоғарыға қайту