Radio Free Europe / Radio Liberty
Radio Free Europe / Radio Liberty
"Астана ЭКСПО-2017"-дағы қаржы жымқыруға қатысты сот үкімі өзгермеді
            <description>Астананың Есіл аудандық сотының апелляциялық алқасы "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясындағы қаржы жымқыру ісіне қатысты сот үкімін өзгеріссіз қалдырды. 
Апелляциялық алқа төрағасы Асқаржан Кенжеғарин алқа сот материалдарын зерттеп, тараптардың ұстанымдары мен уәждерін тыңдап үкімді өзгеріссіз қалдыру қажет деп тапқанын айтты.
"Астана ЭКСПО-2017" компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы Амангелді Ермегияевтің адвокаты Алла Котлова сотталушылар апелляциялық сот шешімімен келіспейтінін, кассациялық шағым түсіретінін айтты. "Біз сот істің мән-жайына толық қанықпады деп санаймыз. Біздіңше, дұрыс шешім шығарылған жоқ" деді Котлова.
"Астана ЭКСПО-2017" компаниясындағы қаржы жымқыру ісі бойынша басты айыпталушы Талғат Ермегияев 9 маусымда "аса ірі көлемде пара алды" және өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иеленді" деген айыптармен 14 жылға сотталған. Ермегияев өзіне тағылған айыптармен келіспейді. Бұл іс бойынша тыңдау наурыз айында Астанада басталған. Іс бойынша 23 адам сотқа тартылған. Тергеу деректері бойынша,"Астана ЭКСПО-2017" компаниясынан барлығы 10,2 миллиард теңге ақша жымқырылған.
Самарқандағы «сыпыртқы ереуілі»
            <description>Өзбекстанның Самарқан қаласында «сыпыртқы ереуілі» болды. Жұмыс құралдарын ұстаған 50-ге тарта көше сыпырушы Самарқандағы әкімшілік ғимаратының алдына жиналып, наразылық шарасын өткізді.</description>
Украина  Ресейдің Қырымға қатысты айыбына орай БҰҰ-ға жүгінбек
            <description>Украина Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі (немесе ФСБ) "Қырымда теракт жасамақ болған украин диверсанттарын" ұстағаны туралы хабарлаған соң БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне жүгінбек. Бұл туралы Украинаның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Владимир Ельченко мәлімдеді.
Дипломаттың сөзінше, Киев БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысын "тіпті түннің ортасында болса да" шақыруға даяр. Ол жағдайды БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунға баяндауды жоспарлап отыр.
Ельченко Twitter-дегі аккаунтында жағдайды Грузиядағы оқиғалармен салыстырды.
Кеше ФСБ Қырымда "украин барлауының қызметкерлері деп таныстырған диверсанттар ұсталып, ресейлік екі офицер мерт болғаны" туралы хабарлаған Украина мен Ресейдің арасы күрт нашарлаған. Ресей президенті Владимир Путин Украина билігін "террор әдісіне" жүгініп отыр деп айыптаған. Оның пікірінше, Донбастағы қақтығысты "Норманд форматында" бейбіт реттеу жөніндегі келіссөздің мәні жоқ.
Украина президенті Петр Порошенко Ресей билігінің айыбын Мәскеудің "Донбаста Ресей әскері жоқ" деген мәлімдемесі сияқты "мәні жоқ" және "арсыз" деп атады. "Бұл қиял - Украинаға жасалған кезекті әскери доқ көрсетуге тек ілік қана" деді Порошенко.
Украина сыртқы істер министрлігі Киев Ресейдің мұндай мәлімдемелерін Кремльдің кезекті арандатуы деп қатаң айыптайтынын мәлімдеді. Украина қорғаныс министрлігі теракт жоспарлау және Ресей әскерилеріне шабуылға дайындық туралы ақпаратты "негізсіз" деп атады.  
Алматыда "түрмеде зорланған әйелдің" ісі бойынша сот басталды
            <description>Алматыда бүгін түрмеде зорланды делінген тұтқын Наталья Слекишинаның ісі бойынша сот басталды. Бұл іс бойынша түрме қызметкері, 37 жастағы Руслан Хакимов сотталып жатыр. Tengrinews.kz сайтының хабарлауынша, сот Түрксіб аудандық сотында жабық түрде өтіп жатыр.
Руслан Хакимовке "кісі зорлады", "қызмет өкілетін асыра пайдаланды" деген айыптар тағылған. Сотқа келген оның жақтастары мен бұрынғы әріптестері айыптарды "ойдан шығарылған" дейді. Олардың сөзінше, Хакимов үйленбеген және баласы жоқ.
Өткен айдың басында тұтқын Наталья Слекишинаның 2015 жылы Алматыдағы қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЛА-155/18 түрмесінде қамауда отырғандаөзін бір топ адам зорлады деп мәлімдегені хабарланған. Слекишина бұдан соң жүкті болып, қыз туғанын айтқан. Сараптама нәтижесінде дүниеге келген сәбидің әкесі осы түрменің зорлауға қатысты төрт күдікті қызметкерлерінің бірі екені анықталған.
Алматы облысында Ресейдің 11 турисі құтқарылды
            <description>Алматы облысында Шелек өзенінің жоғарғы жағында Ресейдің 11 азаматы, оның ішінде тоғыз жасөспірім құтқарылды деп хабарлады бүгін ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі. Құтқарушылар ресейліктерді тікұшақпен эвакуациялап, 10 тамызда Бұрындай әуежайына жеткізген.
"Шелек өзенінің жоғарғы жағында сыртпен байланысы ажырап қалған бір топ турист - Ресейдің он бір азаматын (тоғыз бала мен екі ересек) эвакуациялау туралы хабарлама түсті. Шақырту 9 тамызда түскен. Бірақ тікұшақ кешкі уақытта ұша алмайтындықтан эвакуацияға ертесі күні таңертең ұшып кетті" делінген комитет сайтында жарияланған ақпаратта.
БҚО-да Азаттық тілшісін Мәсімовтің сапарынан хабар таратуға жібермеді
            <description>Бүгін таңертең премьер-министр Кәрім Мәсімов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Мәсімов ұшағы Орал әуежайына қонған соң Орал-Тасқала жолының жөнделу барысымен танысты.
Азаттық тілшісі Санат Орынәливті Оралдағы Мәсімов барған жерлерге жібермеді. Санат Орынәлиев пен жергілікті "Уральская неделья" басылымының тілшісі Рауль Упоров жолға жақындай бергенде оларға азаматтық киім киген адам өзін Ұлттық қауіпсіздік комитеті облыстық департаментінің қызметкері Әділет Ғабдрақымов деп таныстырып, екі журналистің аккердитация берілген БАҚ өкілдері тізімінде жоғын айтты.
Өзін облыстық ішкі істер департаментінің майоры Құспаев деп таныстырған полицей журналистерді премьер-министрдің кортежін суретке немесе видеоға түсіруге әрекеттенген жағдайда "күзет қызметі ескертусіз атуы мүмкін" екенін ескертті.
Кеше Батыс Қазақстан облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі Азаттық журналисіне өзінің және жергілікті тағы төрт журналистің "ҰҚК-нің арнайы тексеруінен өтпегенін" және Кәрім Мәсімовтің Оралға сапары барысындағы іс-шаралардан хабар таратуға жіберілмейтінін хабарлаған.
Жоспар бойынша Кәрім Мәсімов бүгін Оралда жолдарды жөндеу мен азық-түлік өнеркәсібі мәселелеріне қатысты бірнеше жиналыс өткізбек. Премьердің сапары қоғам өкілдерімен кездесумен аяқталмақ.
Кәрім Мәсімов 5 тамыздан бері Қазақстанның облыстарына сапарлап жүр.
Сатуға шығарылған авиазауытқа тіпті күзет қойылмаған
            <description>Қарағандыда үлкен салтанатпен ашып, бірақ сол күйі бір де ұшақ шығармаған «ҚазАвиаСпектр» шағын ұшақтар жасайтын зауыты саудаға шығарылды. Бастапқы бағасы зауыт іске қосылған бес жыл бұрынғы құнынан арзан.</description>
Ақтөбеде "WhatsApp арқылы терроризмді насихаттау" айыбымен 3 адам сотталды
            <description>Ақтөбе қалалық №2 сотында бүгін Шалқар қаласының үш тұрғынына WhatsApp арқылы терроризмді насихаттады деген айыппен үкім шығарды деп хабарлады Азаттық тілшісі.
Судья Зинаида Шымырова 1978 жылы туған Төлебай Мәжитов пен 1980 жылы туған Ерғожа Аманғожинді қылмыстық кодекстің 256-бабының 2 тармағы ("Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру"), 174-баптың 1-тармағы ("Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру") бойынша қылмыс жасады деп тауып, әрқайсысын сегіз жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті.
1980 жылы туған Мейрамбек Тұрғанбаев қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-тармағы бойынша айыпты деп танылып, 6 жыл 6 айға сотталды. 
Сотталушылардың адвокаттары Раушан Ізтілеуқызы мен Бауыржан Ерманов сот үкімімен келіспей, апелляциялық шағым беретіндерін мәлімдеді. Адвокаттар сотталушылардың 2016 жылы 2 маусым күні қамалғанын, 5 маусымда Ақтөбеде билік "теракт" деп сипаттаған қарулы шабуылдардың кесірі оларға да тиді және сотталушыларға қатаң жаза берілді деп есептейтінін айтты.
Төлебай Мәжитов теміржолда жұмыс істеген. Ерғожа Аманғожин уақытша жұмыссыз, ал Мейрамбек Тұрғанбаев инжнер-технолог болған.
Сот материалдары бойынша, сотталушылар WhatsApp желісінде өзара топ құрып, өз араларында тыйым салынған сайттардан материлдардың сілтемелерін бөлісіп отырған. Тергеу әуелде бұл топта жалпы саны 12 адам болғанын, бірақ кейін үшеуіне "белсенді әрекет еткені үшін" айып тағылғанын айтады.
Шымкенттегі мұнай кәсіпорнындағы өртке қатысты іс қозғалды
            <description>Шымкент түбіндегі «БК-Мұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі өртке байланысты екі қылмыстық іс қозғалды. Бұл жөнінде Азаттыққа Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы Спабек Жарқынбеков мәлім етті.
Спабек Жарқынбековтың айтуынша, «БК-Мұнай» жауапкершілігінде шыққан өртке байланысты қылмыстық кодекстің 156-бабы («Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу») және 204-бабы («Бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. «Қылмыстық іс өрт бойынша қозғалып отыр. Бүгінде өрт техникалық сараптама тағайындалған. Сараптама қорытындысы бойынша кімнің үстінен қылмыстық іс қозғалатыны белгілі болады» дейді ол.
- Өрттен келген шығынның көлемі анықталып жатыр, - деді Спабек Жарқынбеков.
Өрт 4 тамыз күні Шымкенттің іргесіндегі Қарабұлақ елді мекенінің жанында, Батыс Еуропа - Батыс Қытай магистралды жолы бойында орналасқан "ҚазСтройсервис" кәсіпорны аумағында шыққан. "ҚазСтройсервис" аумағында екі жүк көлігі тиелген екі вагон мен жартылай мұнай өнімі құйылған цистерналы вагон соқтығысып, өрт тұтанған. Өрт кейін "Мұнай-БК" компаниясының аумағына жайылған болатын. 12 цистенер, үш вагон және екі көлік өртенген. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.
Канада полициясы: Теракт жасамақ болған адамның көзі жойылды
            <description>Канада полициясы қоғамдық орында жарылыс жасамақ болды деген күдікпен ер адамды атып өлтірді. Күдіктінің көзін жою операциясы 10 тамыз күні кешке Торонтодан 225 километр қашықтықтағы Стрэтрой қаласының түбінде болған. Қалаға ондаған полиция көлігі мен қарулы полиция жасағы тартылған.
Канаданың корольдік атты полициясы бұған дейін террорлық қауіп туралы сенімді ақпар түскен соң жоспарланған шабуылдың алдын алғанын хабарлаған.
Аты-жөнін атамаған полиция шенеуніктерінің бірі Associated Press агенттігіне көзі жойылған күдікті "қоғамдық орында бомба жаруды жоспарлағанын" айтты.
Барлау қызметінің атын атамаған өкілі Reuters-ке күдіктінің аты-жөні Аарон Драйвер екенін және оның өткен жылы әлеуметтік желіде "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымын ашық қолдағаны үшін ұсталғанын айтты.
Драйверге қылмыстық айып тағылмаған, бірақ ақпанда сот оның жүріп-тұруын шектеген. Сот оны әлеуметтік желілер мен компьютерді пайдалануды шектеп, ИМ немесе сол сияқты топтармен байланыспауын талап еткен.
Назарбаев Олимпиада чемпиондары Баландин мен Рахимовты құттықтады 
            <description>Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Рио Олимпиадасында алтын медаль иеленген жүзгіш Дмитрий Баландин мен ауыр атлет Нижат Рахимовты жеңісімен құттықтады.
Ақорданың ресми сайтында жарияланған Баландинге арналған құттықтауда "Өзіңнің айқын жеңісіңмен қазақстандықтарға үлкен қуаныш сыйладың. Әйгілі қарсыластарыңмен ымырасыз және қиын күресте жеңіп алған алтын медалің - шығармашылық шеберлігіңнің, мақсатқа талпынуыңның, ерік-жігеріңнің көрсеткіші" делінген.
Рахимовқа арналған құттықтауда қазақстандықтардың атлеттің жеңісін үлкен қызығушылықпен күткені айтылады. "Сен олардың үмітін ақтадың. Жоғары спорттық шеберлік, жан-тәнімен берілу мен үлкен жігер саған мықты бәсекелестермен шиеленісті күресте алға шығуыңа көмектесті" делінген құттықтауда.
Президент қос спортшыға да жаңа жетістіктерге жетуін тілеген.
Нижат Рахимов Риода 77 килограмм салмақта 397 килограмды көтеріп, олимпиада чемпионы атанды. Ол жұлқа көтеруде 165 килограмды, ал серпе көтеруде 214 килограмды (әлем рекорды) еңсерді.
Дмитрий Баландин 200 метрге брасс әдісімен жүзуде олимпиада чемпионы атанды. Ол бұл қашықтықты 2:07,46 секундта жүзіп өтті. Бұл - Қазақстанның жүзуден олимпиададағы алғашқы медалі.
Қазір Қазақстанда Рио олимпиадасының екі алтын, екі күміс, үш қола медалі бар. Осыған дейін ауыр атлет Жазира Жаппарқұл мен дзюдошы Елдос Сметов бір күміс алған. Ал Галбадрах Отгонцэцэг (дзюдо), Карина Горичева мен Фархад Харки (екеуі де - ауыр атлетика) қола иеленген. Қазір Қазақстан жалпы есепте 11-орында тұр.
Ресей: Алеппода ұрыс күн сайын уақытша тоқтатылады 
            <description>Ресей билігінің мәліметінше, Сирияның Алеппо қаласын қоршап тұрған әскер қалаға гуманитарлық жүк кіруі үшін күн сайын үш сағаттан ұрыс қимылдарын тоқтатпақ. Ресей қорғаныс министрлігінің жоғары шенді өкілі Сергей Рудскийдің хабарлауынша, 11 тамыздан бастап "барлық әскери операциялар", оның ішінде әуе шабуылдары мен артиллериядан атқылау жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 10-нан түскі сағат 13-ке дейін тоқтатылмақ.
БҰҰ гуманитарлық миссиясының басшысы Стивен О'Брайеннің айтуына қарағанда, жүкті тиеп, оны қалаға апару және эвакуациялау үшін қақтығыс кем дегенде 48 сағатқа тоқтауы тиіс. АҚШ мемлекеттік департаментінің мәлімдемесінде "Біз бірінші кезекте қажет заттарды сәтті жеткізуге мүмкіндік беретін кез-келген үзілісті құптаймыз. Бірақ оны соғысушы барлық тарап бірдей сақтауы тиіс" делінген.
Бұған дейін БҰҰ Алеппода электр қуатын тарату және су жүйелерін қалпына келтіру үшін ұрысты дереу тоқтатуға шақырған. БҰҰ мәліметінше, қала маңында екі миллионға тарта адам көмекке мұқтаж.
Сергей Рудскийдің мәлімдеуінше, Алеппоның оңтүстік-батыс бөлігіне жасақтар, артиллерия, танктер мен басқа да бронды техникалар жеткізіліп жатыр. Көтерілісшілер жасағының саны жеті мыңға жетеді.
Алеппода Сирия президенті Башар Асадты қолдайтын күштер мен оппозицияшыл көтерілісшілер арасындағы ұрыс шілденің ортасында басталған.
Алматыдағы шабуылда жараланған тағы бір полиция қызметкері көз жұмды
            <description>Алматыда 18 шілдедегі қарулы шабуылдан жараланған тағы полиция қызметкері Жалғас Келдібаев қайтыс болды деп хабарлады қалалық ішкі істер департаментінің (ІІД) баспасөз қызметі.
ІІД мәліметіне қарағанда, 1992 жылы туған Жалғас Келдібаев бүгін таң ата №12 қалалық клиникалық аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмған. Дәрігерлер жараланған кездегі оның денсаулығын аса ауыр деп бағалаған.
Полиция сержанты Жалғас Келдібаев ІІД жол-патрульдік полициясы қызметінде 2014 жылдан бері жұмыс істеген. ІІД марқұмды үйленбеген дейді.
18 шілдеде Алматыда полиция бөлімі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментіне жасалған қарулы шабуыл салдарынан қаза тапқандардың саны осымен сегіз адамға жетті. Олардың алтауы - полиция қызметкері. Шабуыл кезінде және одан соң көшеде қарудан оқ атылып, әуелде үш полицей мен шекара қызметінің бір сарбазы және бір бейбіт тұрғын қаза тапқан. Сегіз адам жараланып ауруханаға түскен.
Қылмысқа күдікті ретінде Алматы облысының тұрғыны, 1990 жылы туған Руслан Күлекбаев ұсталып, екі айға қамалған.
Путин: Киев бейбітшілікке террор арқылы жеткісі келеді
            <description>Ресей президенті Владимир Путин Украина үкіметін бейбітшілікке "террор" арқылы жеткісі келеді деп айыптап, Мәскеу Қырымның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін "салмақты шаралар" қабылдайтынын ескертті. Путиннің бұл сөзінен бұрын Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі (немесе ФСБ) қауіпсіздік қызметінің екі қызметкері қаза тапқан екі оқиға туралы мәлімдеген. ФСБ бұл оқиғалар кезінде "Украина барлау қызметі мен қорғаныс министрлігі ұйымдастырған Қырымдағы маңызды инфрақұрылымдық нысандарға зымияндық әрекет жасау" актісінің алды алынғанын айтады.
Украина президенті Петр Порошенко бұл айыптауларды "қиял" және жаңа әскери доңайбат көрсетуге ілік іздеу деп атады. Украина қорғаныс министрлігі ФСБ-ның мәлімдемесі "басқыншылықты ақтау" және Қырымға қайтара әскер кіргізу әрекеті сияқты көрінетінін мәлімдеді.
Украина сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Дмитро Кулеба Twitter-дегі парақшасында "Путин соғысты жалғастырғысы келеді. Ресей шиеленісті ұлғайтып, соғыс бастауға ілік іздеп тұр, Батыстың реакциясын тексеріп жатыр" деп жазды.
Соңғы уақытта Украинаның шығысында үкімет әскері мен Мәскеу қолдайтын сепаратистер арасында қақтығыс күшейген.
Жезқазған түбінде тепловоз бен автобус соқтығысып 17 адам жараланды
            <description>Қарағанды облысында тепловоз бен жолаушылар автобусы соқтығысып, салдарынан 17 адам зардап шекті деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.
Полицияның мәліметінше, автобус пен тепловоз 10 тамыз күні кешке Жезқазған қаласының маңындағы теміржолдың реттелмейтін өткелінде соқтығысқан. Құдияров жол-көлік оқиғасы салдарынан жараланған 17 адам ауруханаға жатқызылғанын айтады.
Алдын ала мәлімет бойынша, жол апаты болған кезде автобуста "Қазақмыс" компаниясының жұмысшылары отырған. "Қазақмыс" компаниясының баспасөз қызметі бұл туралы ақпаратты бүгін кешірек беретінін айтты.
Қазақстанда украин өнімдері азайды
            <description>Украинадан шығатын тұтыну тауарларын сататын қазақстандық сатушылар ол елден өнімдер келмей жатқанын айтады. Ресми мәліметке сай, жарты жылда екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі 40 пайызға жуық кеміген.</description>
ҰҚК: Қорғанысқа бөлінген қаржыны жымқырған топ әшкереленді
            <description>Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Қазақстан қарулы күштерінің қажеттілігіне бөлінген бюджет қаржысын жымқырумен айналысты деген күдікпен қорғаныс министрлігі мен қаржы министрлігінің бес лауазымды өкілі және төрт кәсіпкердің ұсталғанын хабарлады.
ҰҚК баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 8 тамыз күні ҰҚК әскери қарсы барлау департаменті Қазақстан қарулы күштері материалды-техникалық қамтамасыз ету бас басқармасы бастығының орынбасары, подполковник Т.Жұмқазиевті "20 миллион теңге пара алып тұрған жерінде" ұстаған.
ҰҚК жедел іздеу шаралары барысында Т.Жұмқазиевтің "коррупциялық жүйе құрғаны анықталғанын" айтады. "Мұның құрамына қорғаныс министрлігі, қаржы министрлігінің лауазымды өкілдері мен өзара үлесі бар бірнеше коммерциялық құрылымдардың басшылары кірген" дейді ҰҚК.
Қауіпсіздік қызметінің ақпаратына қарағанда, Т.Жұмқазиев қорғаныс министрлігінде конкурстық комиссия төрағасы болып тұрып бірқатар кәсіпкерлердің мүддесін қорғаған және бұл үшін қорғаныс министрлігі мен қаржы министрлігіндегі бақылаушы органдардың лауазымды тұлғаларының мүмкіншілігін пайдаланған.
Бұл бойынша қылмыстық іс қозғалған. Жедел іздеу шаралары кезінде үлкен көлемде Қазақстан валютасы мен шетел валютасы тәркіленген.
ҰҚК жедел-тергеу шаралары жалғасып жатқанын, оның нәтижелері қосымша хабарланатынын айтады.
Жүзгіш Баландин - олимпиада чемпионы
            <description>Қазақстандық Дмитрий Баландин 200 метрге брасс әдісімен жүзуде олимпиада чемпионы атанды. Ол бұл қашықтықты 2:07,46 секундта жүзіп өтті. 
Күмісті Джош Пренот (АҚШ) иеленді - 2:07,53. Қола медаль ресейлік Антон Чупковқа бұйырды - 2:07,70
Бұл - Қазақстанның жүзуден олимпиададағы алғашқы медалі. Қазір Қазақстанда Рио олимпиадасының екі алтын, екі күміс, үш қола медалі бар. Осыған дейін ауыр атлет Нижат Рахимов алтын, дзюдошы Елдос Сметов пен тағы бір ауыр атлет Жазира Жаппарқұл күміс алған. Ал Галбадрах Отгонцэцэг (дзюдо), Карина Горичева мен Фархад Харки (екеуі де - ауыр атлетика) қола иеленген.  Қазір Қазақстан жалпы есепте 11-орында тұр.
Олимпиада чемпионы Нижат Раxимовпен сұxбат
            <description>Қазақстандық ауыр атлет Нижат Рахимов ерлер арасында 77 килограмм салмақта 379 килограмды көтеріп, олимпиада чемпионы атанды. Ол жұлқа көтеруде 165 килограмды, ал серпе көтеруде 214 килограмды (әлем рекорды) еңсерді. Нижат Рахимов 2015 жылы Хьюстонда өткен әлем чемпионатында 77 килограмм салмақта алтын алған. Ол Қазақстанға 2013 жылы Әзербайжаннан келген.</description>
Ауыр атлет Рахимов - олимпиада чемпионы
            <description>Қазақстандық ауыр атлет Нижат Рахимов ерлер арасында 77 килограмм салмақта 379 килограмды көтеріп, олимпиада чемпионы атанды. Ол жұлқа көтеруде 165 килограмды, ал серпе көтеруде 214 килограмды (әлем рекорды) еңсерді.
Күмісті Лондон олимпиадасының чемпионы қытайлық Люй Сяоцзянь иеленді. Ол да 379 килограмды көтерген. Бірақ жеке салмағы бойынша Рахимовқа жол берді. Қоланы египеттік Мохаммед Махмуд алды – 361 кг.
Нижат Рахимов 2015 жылы Хьюстонда өткен әлем чемпионатында 77 килограмм салмақта алтын алған. Ол Қазақстанға 2013 жылы Әзербайжаннан келген.
Қазір Қазақстан олимпиа құрамасының алты медалі бар. Осыған дейін Риода дзюдошы Елдос Сметов пен ауыр атлет Жазира Жаппарқұл күміс алған. Ал дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг пен ауыр атлеттер Фархад Харки мен Карина Горичева қола медаль иеленген. Рахимовтың алтыны Қазақстанды 10 тамыз күнгі қорытынды командалық есепте 12-орынға бір-ақ көтерді.