Firefox Developer Edition

Интернетті жасайтындары үшін арнайы жасалған

Өзіңіз сияқты өндірушілер үшін жасалған жалғыз браузер.

Firefox Developer Edition — Қазақ

Сіздің жүйеңіз Firefox талаптарына сай келмеуі мүмкін, сіз келесі нұсқаларды көре аласыз:

Firefox Developer Edition — Қазақ

Жүйеңіз Firefox-ты жөнелту үшін керек талаптарға сай келмейді.

Жүйеңіз Firefox-ты жөнелту үшін керек талаптарға сай келмейді.

Please follow these instructions to install Firefox.

Firefox жекелігі
Firefox Developer Edition
  • Өндірушілер үшін арналған

    Интернетті жасайтындары үшін арнайы жасалған жалғыз браузер, Firefox Developer Edition, жұмыс тәртібіңізді ескеріп жасалған. Бұрында болмаған мүмкіндік - бір жерден құрастыру, сынау, масштабтау жұмыстарын өткізіңіз.

  • Кез-келген браузерді жөндеу

    Қолданбаңызды кез-келген браузер немесе құрылғыда Valence көмегімен бақылап, сынаңыз — ол тек Firefox Developer Edition құрамында келетін мүмкіндіктері көп, алдын-ала орнатылған кеңейту.

  • Пиксель дәлдікпен кодтау

    Адаптивті дизайн көрінісі көмегімен экрандардың түрлі өлшемдеріне қол жеткізіңіз және құрамындағы стильдер түзеткіші көмегімен CSS кодын пиксельдік дәлдікпен түзетіңіз.

Барлық таңдамалы өндіруші саймандарыңыз және одан да көбірек

Firefox Developer Edition негізгі өндіруші саймандарына қоса кейбір мүмкіндіктері көп жаңа саймандарын ұсынады, олар көмегімен сіз бір жерден бірнеше платформаларда жұмыс істеу мүмкіндігіңізді арттырады. Сіз әдетте қолданатын нәрселердің барлығы, тек жақсарған. Тек Firefox-та.

  • Скриншот

    Визуалды өңдеу саймандары

    Бақылушы панелінен парақта ойнатылып тұрған CSS және HTML анимацияларын визуалды түрде өңдеңіз. Сызғыш және өлшеуіш құралдарымен кез-келген элементтің туралануын, өлшемдерін және ішкі шектерін тексере аласыз.

    Визуалды өңдеу саймандары туралы көбірек білу
  • Скриншот

    DevTools Challenger

    Developer Edition нұсқасының визуалды анимация және CSS өңдеу саймандарын бұл мұхиттың тереңдігін зерттеу үшін және жануарлардың түр-түрімен әрекеттесу үшін қолданыңыз.

    DevTools Challenger қолданып көру
  • Скриншот

    Өнімділік саймандары

    Веб құрамаңыздың кадр жиілігін, жады қолдануын және JS профилін өнімділік ақаулықтарын ыңғайлы анықтау және шешуге болатын уақыт көрінісінде зерттеңіз.

    Өнімділік саймандары туралы көбірек білу
  • Скриншот

    Парақтар бақылаушысы

    Кез-келген веб парақтың HTML және CSS кодын қарап, парақтың құрылымын және жаймасын оңай түрде өзгертіңіз.

    Парақтар бақылаушысы туралы көбірек білу
  • Скриншот

    Веб аудио түзеткіші

    Web Audio API-мен нақты уақытта бақылау және әрекеттесуді жүргізіп, барлық аудио тораптары сіз күткендей жұмыс істейтініне көз жеткізіңіз.

    Веб аудио түзеткіші туралы көбірек білу
  • Скриншот

    Веб консолі

    Веб парағымен сәйкестелген логталған ақпаратты қарап, JavaScript арқылы веб парағымен әрекеттесу үшін веб консолін қолданыңыз.

    Веб консолі туралы көбірек білу
  • Скриншот

    JavaScript жөндеушісі

    Ақаулықтарды табуға көмектесу үшін JavaScript кодын қадам бойынша орындап, оның қалып-күйін зерттеңіз немесе өзгертіңіз.

    JavaScript жөндеушісі туралы көбірек білу
  • Скриншот

    Желі бақылаушысы

    Браузеріңіз жасайтын барлық желілік сұранымдарды қарап, әр сұраным қанша уақытты алатынын және оның кеңейтілген ақпаратын біліңіз.

    Желі бақылаушысы туралы көбірек білу
  • Скриншот

    Стильдер түзеткіші

    Веб парағымен сәйкестелген CSS стильдерін қарап, түзетіңіз, немесе жаңаларын жасап, кез-келген бетке бар болып тұрған CSS стильдер кестелерін іске асырыңыз.

    Стильдер түзеткіші туралы көбірек білу
  • Скриншот

    Адаптивті дизайн көрінісі

    Браузер терезесінің өлшемін өзгертпей-ақ, веб сайтыныз немесе веб қолданбаңыз экрандардың түрлі өлшемдерінде қалай көрінетінін қараңыз.

    Адаптивті дизайн көрінісі туралы көбірек білу
  • Скриншот

    Valence

    Қолданбаларыңызды көптеген браузер немесе құрылғыларда тек Firefox Developer Edition құрамында келетін мүмкіндіктері көп, алдын-ала орнатылған кеңейтумен өндіріп, жөндеңіз.

    Valence туралы көбірек білу